Жас сақшы
«ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
23- қазан күні Кәкімбек Салықов атындағы орта мектепте Республика күні қарсаңында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және құқық қорғау саласына қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті.
Бұл сынып қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан милиция сержанты Жиентаев Мұңайтпас Қалиұлының есімімен ашылды.
Іс-шараға арнайы қонақтар қатысты:
Жиентаев Мұңайтпас Қалиұлының есімімен аталатын «Жас сақшы» сыныбы – жас ұрпаққа батылдық пен отансүйгіштіктің, адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін насихаттайтын маңызды бастама.
Салтанатты шара барысында жас сақшыларға ізгі тілектер айтылып, олардың ел тыныштығын сақтау жолындағы болашақ қызметіне сәттілік тілегі білдірілді.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
Батырдың есімі – мәңгілік ел жадында! 
@kqbk_iim
Дата публикации: 23.10.2026